Жаңалықтар
Кейбір өңірлерде 42 градусқа дейін аяз болады
Жел соғады, аяз түсіп, кей өңірлерде тұман басып, көктайғақ болады.
Дабылды ескерту: Кейбір өңірлерде 42 градусқа дейін аяз болады. "Қазгидромет" еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Кәсіпорын болжамынша, 28 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында жылдамдығы секундына 15-20м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20м/с.
Шымкентте 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
28 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 42 градус аяз болады.
Абай облысының оңтүстік-батысында жел солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28м/с.
Қызылордада 28 қарашада жел шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28м/с.






