Жаңалықтар
Қызылордада қатты соққан желден мектептің шатыры ұшып кетті
Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға 27 қараша күні сағат 21:00 шамасында аудан орталығы Жалағаш кентіндегі М.Шәменов көшесінде орналасқан әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде болды. Қатты желдің әсерінен мектептің шатыры құлаған.
Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайдар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды,
– деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Бөлімнің мәліметінше, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.






