Жаңалықтар
185

Ресейден шыққан жүк көлігі Қызылорда облысының тұсында отқа оранды

 Жүк көлігі Ресейден шығып, халықаралық трасса арқылы Тәжікстанға бара жатқан.

 Өрт Арал ауданының тұсындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында болған. Құтқарушылар келіп жеткенше, жиһаз бен тұрмыстық техникалар тиелген Volvo жүк көлігінің түгі қалмай жанып кеткен. Оқыс оқиғадан ешкімнің денсаулығына зиян келген жоқ.

 Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Өртке қарсы қызметінен 1 жауынгерлік техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 30 минут көлемінде толық сөндірілді,

– деп мәлімдеді аудандық өрт сөндіру бөлімі.