Жаңалықтар
234

Ғалымдар күніне екі литр су ішу денсаулыққа зиян екенін анықтады

 Шотландиядағы Абердин университетінің ғалымдары күніне ішілуге тиіс екі литр судың ұсынылған мөлшері шамадан тыс болуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шотланд ғалымдары адамның күнделікті сұйықтық мөлшерінің жартысына жуығын тамақтан алатынын, сондықтан көп таза су ішудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

 Енді ауқымды зерттеулерге сүйене отырып олар күніне 1,5-1,8 лирт су ішуге кеңес береді.

 Күнделікті қажеттіліктің бастапқы өлшемі екі литр, бұл – кішігірім қателіктің нәтижесі. Ішуіміз тиіс су – жалпы тәуліктік қажеттілік пен тағамнан алатын нәрсенің айырмашылығы,

– дейді зерттеу авторларының бірі, профессор Джон Спикмен.

 Жаңа зерттеуде су айналымын адам ағзасында тұрақты изотоптар қолданатын технологияны пайдалану арқылы дәлірек есептеуге болады.

 Зерттеуге 23 елден сегіз күннен 96 жасқа дейінгі 5604 адам қатысты.

 Эксперимент барысында қатысушылар бір стақан су ішті. Онда кейбір сутегі молекулалары тұрақты дейтерий изотобына ауыстырылған. Дейтерий адам ағзасында өндіріледі және мүлде зиянсыз. Содан кейін зерттеуге қатысушылардың денесінен дейтерийдің шығу жылдамдығын өлшеді. Бұл жылдамдық әр адамда әртүрлі, сондықтан әр адамның күнделікті тұтынатын су мөлшері де әрқилы болады.

 Мысалы, денедегі су ыстық және ылғалды климатта, таулы жерлерде, сондай-ақ спортшыларда, жүкті және бала емізетін әйелдерде тезірек жаңарады. Денедегі судың айналу жылдамдығын анықтайтын ең маңызды фактор – жұмсалатын энергия мөлшері.

 20-35 жастағы ер адамдардың денесіне күніне орта есеппен 4,2 литр су шығады. Жас ұлғайған сайын бұл көлем төмендейді және ер адамдарда 90 жасқа қарай шамамен 2,5 литрге дейін төмендейді. 20-40 жас аралығындағы әйелдердің ағзасынан күніне 3,3 литр су шығады, ал 90 жасында оларда денеден шығатын сұйықтықтың тәуліктік мөлшері 2,5 литрге дейін төмендейді.