Жаңалықтар
159

Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды.

 Байқоңыр қаласының тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйіне оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. Іздестіру жқмыстары бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды,

– делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.