Жаңалықтар
172

Еліміздегі жылу желілерінің жартысынан көбінің тозығы жеткен

Қазақстандағы жылу желілерінің тозу деңгейінің орташа көрсеткіші 53%-ды құрайды.

Десе де министрлік соңғы 7 жылда тозу деңгейінің жалпы көрсеткіші 13 пайызға төмендегенін айтып отыр.

 ҚР ТЖМ республикалық дағдарыс орталығы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы басталғаннан бері еліміз бойынша 26 технологиялық ақау болған. 

 2015-2022 жылдар аралығында әр түрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысы, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 3 667км инженерлік желі салынып, қайта жаңартылған. Осылайша, жалпы тозу деңгейі 65%-дан 53 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 51%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуының жалпы көрсеткішін 45%-ға дейін азайту жоспарланған.