Жаңалықтар
116

Сіздің де қасыңызда психикалық ауытқуы бар адамдар жүр...

 Қазақстандықтардың 55 пайызының қасында психикалық ауытқуы бар адамдар жүр. Бұл көрсеткішті менталды денсаулық сақтау саласында арнайы сауалнама жүргізген отандық психологтар жариялап отыр. Ал тұрғындардың 35% шизофрения сияқты психикалық ауруларға шалдыққан адамдарды қоғамнан аластату керек деп есептейді. Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметі хабарлады.

 Қазір елімізде психикалық ауытқуы бар адамдар саны көбейген. Мәселен, бір ғана Алматының өзінде 11 мыңнан астам науқас ауруханада емделіп жатыр. Бұл көбіне шизофрениямен ауыратын немесе ақыл-есі кем адамдар. Бірақ шын мәнінде психикалық ауытқуы бар адамдардың саны одан да көп болуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені көбі өз жақындарын арнайы орталықтарға апарып емдетуге ұялады немесе намыстанады.

 Барлығы бірдей психикалық ауытқумен ауырмауы мүмкін. Мәселен, күйзеліске түскендері де болады. Оларды біз емдейміз. Психосоматика бөлімінде мамандардың көмегіне жүгінеді. Олар диспансерлік есепке қойылмайды. Өздеріңіз білесіздер, біздің диспансерлік бақылауда тұрған адамдарды жұмысқа алмайды. Себебі, олардан қорқады,

– дейді Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахманшеев.

 Мазасыздық, агрессия мен ұйқысыздық. Осының бәрі психикалық ауытқудың алғашқы белгілері. Ал психолог мамандар адам күйзеліске түскенде оны өзі де білмеуі мүмкін. Оны көп жағдайда күнделікті шаршаумен байланыстырады дейді.

 Технология дамыған заманда смартфондарына телміретін жастар көп. Азаматтардың әлеуметтік желілерде жиі отыруы да күйзеліске әкелуді жиілетеді дейді психологтар.