Жаңалықтар
109

Қазақстанда коронавирустың "Цербер" жоғары жұқпалы штаммы анықталды

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда "Омикрон" штаммы нұсқасының BQ1.1 ("Цервер") түрі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 "Цервердің" осы уақытқа дейін 0,5% сынамасы анықталды.

 "Цервер" штаммы инфекциясы жоғары және денеге тез бейімделеді.

 Қараша айында қазан айымен салыстырғанда ауру 1,6 есе өсті (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін).

 Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, Covid-19 тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбісі медициналық көмекке жүгінбей-ақ шыдайды.

 Барлық өңірлерде инфекциядан репродиктивтілік көрсеткіші бірден жоғары, бұл вирустың халық арасында белсенді таралуын көрсетеді.

 Соңғы айда еліміздің үш өңірінде (Алматы, Астана және Қарағанды облысы) ауру апта сайын 2,2 есеге дейін өсті. Бес өңірде (Ақмолағ Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары мен Шымкент) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылықтың аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсуі байқалады.

 Өңірлерге 12 жастан асқан адамдарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін АҚШ-тан Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.