Жаңалықтар
153

Қызылордада пробация есебіндегілер тексерілді

 Қызылорда облысында «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында пробация есебіндегі азаматтар да мекенжайынан тексерілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық 16 күн» акциясы өтуде. 

Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Осы акцияның өтуіне орай Қармақшы аудандық полиция бөлімінің  жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Қасымова аудандық пробация қызметкерлерімен бірге есептегі сотталғандардың мекенжайларынан тексеріліп, жаза тәртіп ережелерін бұзған сотталған азаматтарға да тәртіптің шара көрілетіндігі ескертілді.

Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда шұғыл түрде «102» телефон нөміріне  хабарласып, жазбаша арызбен  де жүгіне алатындықтарын жеткізді.