Жаңалықтар
73

«ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін  жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек.

Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал».

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ 

Қазақстан Республикасының Президенті

«ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ 

ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

 «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!    

Іс-шараның мақсаты: 

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында түрлі салада – білім, медицина, өндіріс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет және басқа бағыттарда адал еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамдағы маңызын айқындау. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының беделін көтеру, олардың еңбегін үлгі ету және еңбекқорлықты ұлттық санада мәртебелі құндылық ретінде орнықтыру.

Іс-шараның міндеттері:

  1. Әр саладағы үздік еңбек иелерін анықтау және насихаттау;
  2. Қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін көтеру және жастарға үлгі ету;
  3. Кәсібилік пен еңбекқорлықты ұлттық құндылық ретінде дәріптеу;
  4. Түрлі сала өкілдері арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау;
  5. Қоғамдағы еңбек адамының бейнесін жаңа деңгейде қалыптастыру арқылы еңбекке деген құрметті арттыру.

Республикалық байқау қатысушылары:

Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар. 

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. 

Құжаттар 2025 жылдың қараша айының 3-не дейін astana-20n@mail.ru  электронды почтасына немесе +7 707 410 1324 WhatsApp номеріне қабылданады. 

Байқау қатысушыларына:

  1. «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» төсбелгісі;
  2. «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» статуэткасы;
  3. Куəлік;  
  4. Құрмет грамотасы;  
  5. Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады. 

 

 

Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-20n@mail.ru 

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 

+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40

 

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы

 

Қызмет орны атауы, лауазымы

 

Еңбек өтілі

 

Байқау атауы

«ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ»

Басшының толық аты-жөні

 

Телефон, ұялы, е-mail.ru

 

Сапалы түрлі-түсті ¾ фото

 

Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПРАВИЛА ПРОВЕДЕНИЯ РЕСПУБЛИКАНСКОГО 

ПАТРИОТИЧЕСКОГО КОНКУРСА

«ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ»

 

Приглашаем представителей всех отраслей принять участие в республиканском патриотическом конкурсе «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ», организованный Республиканским инновационным центром «Жаңа Қазақстан»!  

 

Цель мероприятия: в рамках «Года рабочих профессий» подчеркнуть роль граждан, добросовестно трудящихся в различных сферах, таких как образование, медицина, производство, сельское хозяйство, культура, правоохранительные органы, государственная служба и другие направления. Повышение престижа трудящихся, вносящих вклад в устойчивое развитие общества, демонстрация их труда в качестве примера, а также утверждение трудолюбия как значимой ценности в национальном сознании.

 

Задачи конкурса:

  1. Выявить и популяризировать лучших представителей труда в каждой сфере;
  2. Повысить статус простых трудящихся в обществе и представить их как образец для молодежи;
  3. Пропаганда профессионализма и трудолюбия как национальных ценностей;
  4. Создание возможностей для сотрудничества и обмена опытом между представителями различных отраслей;
  5. Повышение уважения к труду через формирование нового образа трудящегося человека в обществе.

 

Участники республиканского конкурса:

Специалисты всех сфер, имеющие не менее 10 лет стажа работы на рынке труда Республики Казахстан, активно участвующие в общественной жизни страны, подающие пример молодому поколению.  

 

Условия конкурса:

      Конкурс состоит из двух этапов. На первом этапе участник должен направить биографию о себе (в третьем лице), не более 2 страниц (14 кегль, Times New Roman), заполнить таблицу заявки, а также предоставить копии подтверждающих документов по достижениям (напр.: благодарственные письма, сертификат, диплом и др.), личное фото 3х4. Заявку и автобиографию необходимо отправить в формате Word.  

Документы принимаются на электронную почту astana-20n@mail.ru или на WhatsApp номер +7 707 410 1324 до 3 ноября   2025 года.  

 

 

Победителям конкурса будут вручены:

  1. Нагрудный знак «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ»;
  2. Статуэтка «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ»;
  3. Удостоверение;
  4. Почетная грамота;   
  5. За поддержку участника руководителю учреждения вручается благодарственное письмо.

 

Церемония награждения конкурса состоится в городе Астана в виде конференции. Программа заключительной конференции будет отправлена всем участникам, прошедшим отбор. В ходе заключительной конференции известные личности страны будут вручать статуэтки и нагрудные знаки

Сайт организационной коллегии: https://bilim-ork.kz/ 

Электронная почта: astana-20n@mail.ru

Инстаграм страница: @bilim_orkeniety

Организационная коллегия:

+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40, 8778-742-74-40

 

Ф.И.О. участника, должность

 

Название области, района, города, села

(аула)

 

Место работы, должность

 

Стаж

 

Название конкурса

« ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ»

Ф.И.О. руководителя учреждения

 

Телефон, сотовый, e-mail

 

Качественное фото 3x4

 

Адрес места проживания, индекс