Жаңалықтар
Қызылорда облысының тұрғыны көпірден секіріп, көз жұмды
Қызылордада әйел Қазыбек би мен Қазантаев көшелерінің қиылысындағы аспалы көпірден секіріп кеткен.
21:50 шамасында полицияға белгісіз әйелдің көпірден секіріп кеткені туралы хабар келіп түскен. Тексеру барысында әйелдің көз жұмғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,
– деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.






