Жаңалықтар
Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды
Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Олардың мәліметінше, 14 желтоқсанда «WhatsApp» мессенджерінің «Көкшетау экскаваторлары» чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған.
Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты.

Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды. Алдын ала анықталғандай, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған, ол аталған жер қазу жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған,
- деді ведомстводан.








