Жаңалықтар
62

Астанада Азия кеңесінің VI саммиті өтті


Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтті. Оған 11 елдің президенті мен Кеңеске мүше елдерден 50-ге жуық делегация қатысты.

"Біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – бұрын-соңды болмаған қауіп-қатер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерді қайта жандандыру және ашық диалогқа қайта оралу өте маңызды. Ең алдымен, халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде Азия континентінің маңыздылығын күшейту үшін баршамыз күш-жігерімізді бейбітшілік қалыптастыруға бағыттауымыз керек",- деді мемлекет басшысы саммитте.

Президент кеңесте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес қоры құрылатынын жеткізді. Оның мақсаты – АӨСШК жобаларын іріктеу және оларды іске асыруға ерікті қаражат жинау үшін арнайы тетік құру.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астанада Азия кеңесі елдеріндегі экологиялық мәселелер бойынша конференция өткізуді ұсынды.