Жаңалықтар
Қорқыт ата университетінің ғалымдары "Хорасан" кен орнымен танысты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Жаңақорған ауданында орналасқан «Хорасан» кен орнына барып, жұмыс барысымен танысты.
"Хорасан" кен орнында уранды барлау және өндіру, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу қызметтері атқарылады. Қазақстандағы ең терең деп саналатын кен орнына барған ғалымдар компания басшыларымен және қызметкерлерімен кездесіп, еркін пікір алмасты.
Екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандум аясында мұнай-химия және экология, техносфералық қауіпсіздік, геология және гидротехника, цифрландыру және ІТ, автоматтандыру, электроэнергетика, техносфералық қауіпсіздік және т.б. салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, компанияның өндірістік мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми жұмыстарын университеттің ғалымдарымен бірлесе атқару көзделген. Аталған жоспарларды жүзеге асыру мақсатында «Хорасан» кен орнының жұмысымен танысып, алдағы уақытта орындалатын істерді айқындау, талқылау болды. Сонымен қатар, білім алушылардың іс-тәжірибеден өту бойынша университет ғалымдарынан құрылған жұмыс тобы компания қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Және алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын талқылады. 

Бұл шара ғылым саласы үшін маңызды рөл атқарады және өңірлік экономиканың инновациялық дамуы мен Қазақстан Республикасының өркендеуі ісіне тиімді үлес қосады.






