Жаңалықтар
322

Қазақстанда жол сапасының рейтингі жасалды

Еліміздегі сапасы ең нашар жолдар – батыс облыстарда. Асфальты сын көтермейтін өңірлердің тізімін Атырау облысы бастап тұр. Одан кейін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Индустрия министрлігі осы үш облыстың әкімдеріне тиісті ескерту жасалғанын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал жолы тақтайдай тегіс деген өңірлердің тізімінде Маңғыстау облысы бірінші орында тұр. Одан соң Жамбыл және Алматы облыстары бар. Елдегі жол сапасына жауапты деген индустрия министрлігінің дерегінше, биыл жалпы өңірлердегі жол құрылысына 372 миллиард теңге бөлініпті. Қыруар қаржыға негізінен 4 600 шақырымның еңбегі етілуі керек болған. Оның тек тең жартысынан астамы аяқталыпты.

Осыдан екі ай бұрын мәжілісмендердің алдына келген индустрия және инфрақұрылым даму министрі Қайырбек Өскенбаев елдегі автожолдың 80%-ы жарамды деп депутаттардың сынына ұшырған. Жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінде 93 орында екен. Мәжілісмендер Кения мен Танзания біздің алдымызда деген еді. Министр өз кезегінде болашақта бұл мәселені ақылы жолдар арқылы шешпекпіз деп те ақталған. Жолға жауапты ведомство келер жылдың жоспарын әзірлеп қойыпты.

Келесі жылы жалпы 11,2 шақырым жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ол республикалық жобалар бойынша 6 мың шақырым. Жергілікті жобалар бойынша 5 мыңдай шақырым жолдар қамтылатын болады,

 – деді Индустрия және инфрақұрылым даму министрілігі,  автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Нұрболат Қуандықов.