Жаңалықтар
57

Нарықта доллар мен еуро нығайды

 

  KASE Қазақстан қор биржасы доллардың орташа өлшенген бағамы 479,39 теңгені құрап, тағы 1,40 теңгеге көтерілгенін хабарлады.

  Еуроның орташа өлшенген бағамы 464,20 теңгеге дейін өсті.

  Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,52 теңгеге дейін өсті (+0,07).

  Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 66,86 теңгені (+0,02) құрады.

  Айырбастау пункттерінде долларды – 477-480 теңгеден, еуроны – 465-469 теңгеден, ресей рублін – 7,05-7,35 теңгеден сатып алады/сатады.

  Сонымен қатар, нарықта мұнайдың әлемдік бағасы тұрақтанды. Мәселен, желтоқсан Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,09%-ға, барреліне 92,53 долларға дейін өсті. WTI-дегі қараша фьючерстерінің бағасы барреліне 87,22 долларға дейін 0,06%-ға төмендеді.