Жаңалықтар
360

Биыл елімізде адам өлімі 28%-ға азайған

Қазақстанда жыл басынан бері адам өлімі өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді.

 Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім шамамен 32%-ға, қатерлі ісік – 9%-ға. жарақат – 5%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларынан болатын өлім – 33%-ға азайған. Ал, туберкулезден болатын өлім 17%-ға төмендеген.

 Бұдан өзге Қазақстанда биыл ана мен бала өлімінің айтарлықтай төмендеуі байқалған. Өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге кеміген.

 Елімізде жыл басынан бері оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ.

 Ел бойынша 2 миллион 346 мың 401 қазақстандық тұмауға қарсы екпе алған. Бұл %республика халқының 12,4%-ын құрайды.

 Ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін шешу үшін ауылда 72 дәріхана пункті мен 161 жеке дәріхана ашылған.