Жаңалықтар
161

Жазықсыз Сотталғандардың тағдыры алаңдатама!

Әлеуметтік желіні қарасам осы аптада “педофильдерге” өлім жазасын беру керек деген ұрандату көбейгенін аңғарасың. Әрине Сарағаштағы жағдай кімнің болсада жүрегін ауыртып, қабырғасын қайыстырып, анау қылмыскерді “жаншып” тастаса деген пікірде болатыны жасырын емес. Осы орайда кәсіби адвокат ретінде арасында құр сөзбен сотталып кеткен азаматтарды да мысалға келтіріп, тоқталуға бел будым. Неге? 

Себебі мен Педофилдерді қорғап тұрғаным жоқ, нағыз айуандық, азғындық жасағандарға аяушылық жоқ. Посттың қатысы да жоқ. Менің қозғап отырғаным бөлектеу дүние. Мен өз тәжірбиемде кездескен жазықсыз сотталған істерден мысал келтіре кетейін. Неге десеңіз, Олардың обал сауабын кім көтереді екен деп әлі күнге ойланамын

1-жағдай. Азаматтық некедегі күйеуінен құтыла алмаған әйелдің өз қызын айдап салып, акем ана жерімді ұстады, сипады деп жала жаптырып соттатқанын көрдім. Дәл сондай, психикалық травмасы бар әйел /кезінде өзі акесіне арыз жазып өзіне тиісті деп соттатқан екен/ күйеуінің үйін алып қою үшін мас боп жалаңаш жатқан күйеуінің үстіне балдарын жатқызып суретке түсіріп полиция шақырып соттатқанды көрдім.
2-жағдай. Мұғәлім екі қоя берген соң, жазалайық деп шешкен екі қыз, ағай бізге тиісті деген құр сөзбен ағайын соттатып жіберді. Сотта қыздардың біреуі шындықтарын айтқанмен, судья ештеңеге қарамастан соттады да жіберді.
3-жағдай. Тапа тал түсте акесі өз қызымен остановкада автобус күтіп отырады. Айыбы мас, алдында ғана дәрет сындырып, шалбарының ауын тағуға шамасы келмеген. Автобустан түскен бір айел анау қызға азғындық жасап отыр деп айқайлап, содан улап шулап полиция келіп, қызы папам ұйықтатып отырды ештеңе болған жоқ деседе, әлгі әйелдің сөзімен тергеу жүріп, ақыры акесі жаламен сотталды. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады….өкініштісі жаламен сотталулары. Лақтыр деп жалаңдап тұрған “жүйенің” құрбандары.
Қазір мүлкіңді атыма жазып бермесең педофиль деп қаматам дейтін әйелдер де көбейген. Мұндай істер соттан “зу” етіп өте шығуда. Бұл қауіпті құбылыс дер едім. Соттау да оңай боп кетті. Себебі, судья жаны ашымайды, ешкім өзіне жауапкершілік алмайды. Тергеуде, Кәмілетке толмаған қыздың жауабын сақтауға алып, кейін оны сотқа да қатыстырмай соттап жібереді. Сондықтан, нақты сараптамамен зорлағаны дәлелденбесе, құр жәбірленуші сөзімен “педофиль” деп соттаудан абай болу қажет. Бұл Қазаққа жат нәрсе, неге көбейді бұл қылмыстар деп те ойланасың. Себебі, сол арасында осындай арам ниеттілердің арызымен жазықсыз сотталғандарды көрген соң осы постты жазып отырмын. Тағы бір мысал; Қорғауымдағы бір тұлға жаламен сотталып, көтере алмай жаланы, апелляциясына жетпей күйініп, жүрегі ұстап қайтыс болғанды да көрдікСоттарың да “позорный”статья дейма, ақталса, қамаған тергеуші, прокурор басы кететеді деген оймен, соттап отыра беретін хәлге жеткен
Соттау оңай, бірақ жаламен соттау күнәсі ауырҚазір ер адамдар лифтіге кәмілетке толмағандармен бірге мінуден қалған. Осындай айыптауларды естіп қорқып қалған. Сондықтан, нақты айуандық жасағаны сараптамамен дәлелденбей біздің тергеудің бүгінгі сапасымен “өлім”жазасына кесілгені қалай болмақ. Мен ешкімді жақтап тұрғам жоқ және нақты азғындық пен айуандық жасағандарға бұл әңгіменің еш қатысы жоқ. Бізде педофильдермен күресеміз деп, жалаулатумен қазіргі тергеу мен соттың ешкімге жаны ашымайтын, сапасыз жүруін ескере келе, жазықсыз соттаулар көбейіп, кетпесінші деген ойымды айтуды жөн санадым.

Қызылорда облысының адвокаттар алқасының Адвокатты Мырзамбетов Тоқтар