Жаңалықтар
Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары, «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілері, «Қызылорда газ тарату жүйесі» Жалағаш аудандық учаскесінің мамандары, «Ауыл» ХДПП ҚОФ жастар қанаты еріктілері және «Birgemiz: Umit» бағыты «Saqtanu Auyl» жобасы бойынша шағын грант байқауының жеңімпазы Н. Оразбайұлы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы тұрғындарына қатты және сұйық отын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнпарақтар таратылып, семинар өткізілді.
Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантты аясында іске асырылуда.






