Жаңалықтар
67

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

  Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері сұранысқа ие азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 20%-ға жуық қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Azattyq Ruhy" сайты.

  Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, ай басынан бері 0,03%-ға және жыл басынан бері 19,8%-ға қымбаттаған.

  "Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 19,6%-ға өскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға жоғары",- делінген бюро хабарламасында.

  Өткен аптада:

ұн, І сорт – 1,7%-ға;

жұмыртқа, І категория – 1,3%-ға;

күріш 1,3%-ға қымбаттады.

 

  2022 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:

күнбағыс майы – 900тг/л;

тауық еті – 1210тг/кг;

сүзбе – 1820тг/кг.


 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар.