Жаңалықтар
Назарбаев ашқан мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына кірмек
Екі ай бұрын экс-президент Н.Ә.Назарбаев ашқан мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына енгізілмек. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.
"Астана ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі туралы қаулыға реттік нөмірі 43,44,45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын; Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл",- делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.
Айта кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев ашқан еді.






