Жаңалықтар
ТМД-дағы ең қымбат такси қызметі Қазақстанда екені анықталды
Елімізде такси бағасы бір жылдың ішінде 9%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Runkіng.kz сарапшыларының мәліметі бойынша 1 шақырымға есептегендегі такси бағасы 0,32 доллар. Еліміздегі такси қызметімен айналысатын компаниялар осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 3 миллиард теңге табыс тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 6,4 пайызға артық.
Ал такси қызметі арқылы ең көп табысқа кенелгендер Қарағанды облысында (1,3 млрд теңге). Одан соң алдыңғы үштікке Астана (728,7 млн теңге) және Алматы (499,6 млн теңге) қалалары кіреді.
Еліміз бойынша Жетісу облысында бұл қызметтің құны қатты қымбаттапты. Мәселен мұнда жыл басынан баға 37,7 пайызға өскен.
Ақпарат көзі: Экспресс К.






