Жаңалықтар
Министр елімізде вейпке тыйым салуды ұсынды
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вейпке тыйым салуды ұсынды.
Министрлік мәліметінше, елде 21 жасқа толмаған азаматтарға вейп сатуға тыйым салынған. Алайда кәсіпкерлердің көпшілігі бұл талапты елемейді де. Сонымен қатар вейп саудасы бақылауға алынбағандықтан кеңінен тарап кеткен әрі бағасы да қолжетімді. Қазір олар қарапайым азық-түлік дүкенінде 2 000 теңгеге сатылып жатқаны да айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеуге сәйкес Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну 4 жылда 3 есеге өскен. Ал ұлдардың 15%-ы және қыздардың 6%-ы оларды қолданып көргендерін мойындаған.
Тиісті заң жобасы 8 қарашаға дейін қоғам талқысында болады. Ал мәтіні Ашық НҚА сайтында жарияланған.
Ақпарат көзі: Stan.kz







