Жаңалықтар
34

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы өседі

 Биылғы оқу жылынан бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті.

  Ғылыми және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек бұл үрдіс жалғасып, 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы үздіксіз өсіп тұратынын айтты.

 "Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз – оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңьек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазір ұстаздардың жалақысы өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорларымызды жоғалтып алдық. Олар қайда кетті? Мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы",- деді Саясат Нұрбек.