Жаңалықтар
56

Қаңтар оқиғасы бойынша "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы мақұлданды

 Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады. 1500-ге жуық адамға рақымшылық жасалады.

  Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова өзінің қаңтар, ақпан айларында тергеу изоляторларына барып, ұсталғандармен кездескенін айтты. 

"Депутаттар жастардың негізгі бөлігі қылмыскерлердің, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың қолшоқпары болғанына көз жеткізді. Олар қатты өкініп, өз кінәсін мойындады. Президентіміз осы қайғылы оқиғаларды ұйымдастырушылардың айтқанына еріп, тура жолдан тайғандарға аяушылық танытуға шақырған болатын. Осылайша мемлекет ауыр қылмыс жасамаған қатысушылар үшін жазаны жеңілдетті",- деді ол.

 Халық қаулысының сөзінше, бүгінгі таңда 1060 адам сотталды. Олардың тек 106-сы нақты бас бостандығынан айырылған.

 Депутаттың айтуынша, егер сотталғандардың заң қолданысқа енгізілген күнге жазасын өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, негізгі жаза оның бүкіл өтелмеген мерзіміне қысқартылады. Сонымен қатар, террористер, экстремистер, рецидзистер, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар және азаптаулар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайтынын айтты.