Жаңалықтар
24

ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш баллды Түркістан облысының талапкері жинады

Еліміз бойынша Түркістан облысының мектеп түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже, – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.