Жаңалықтар
76

"ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА!" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасының мақсаты - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.
2024 жылы бір АЕК 3692 теңгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі – 7 384,0 мың теңге, көтерме жәрдемақы көлемі - 369,2 мың теңге болды. 
Қызылорда қаласы бойынша 2024 жылдың наурыз-мамыр айларында көтерме жәрдемақы бойынша 61 маманға (оның ішінде білім беру саласы - 42 маман, денсаулық сақтау саласы - 16 маман, мәдениет саласы - 1 маман, мемлекеттік қызметшілер - 2 маман) әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.