Жаңалықтар
52

Үкіметтік емес ұйым төрағаларын қабылдады


Демократиялық қоғам орнату үшін әрбір адамның пікірі назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыруды көздеген.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов "Шиелі аудандық Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастар" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серикбай Беримбетов пен "Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері" Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігі төрағасы Ғалымжан Байжановты қабылдады. 
Кездесуде ҰЕҰ төрағалары  өздерінің қоғамдық бірлестігі жайында атқарған жұмыстары туралы баяндап, ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Шиелі Қоғамдық Даму Бөлімі