Жаңалықтар
126

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ: ЖҰМЫСШЫ ТОП ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Бүгін қала көшелерін таза ұстауға, елдімекендерді біркелкі әрлеуге бағытталған түсіндірме жұмыстарына қоғам белсендісі, қаламыздың эко жанашыры Болат Нұрқожаев қосылып, тұрғындарға бірнеше ескерту жасады. 
Қаланың сәулеттік келбетін ажарландыру мақсатында бірнеше кәсіпкерлік нысанның қасбетін әрлеу, көше жарықшамдарын ретке келтіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. 
Айта кету керек, қаламыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуде "Қызылорда тазалығы" мекемесі үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.