Жаңалықтар
58
Жыл басынан бері Қазақстандағы кәсіпорындарда 164 адам қаза тапты
Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ брифингінде қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қабылдаған шаралар туралы хабарлады.
Жұмысшылардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету болып табылады.
– Жалақы бойынша берешек мәселелері ерекше алаңдаушылық туғызады. 14 қазандағы жағдай бойынша республиканың 60 кәсіпорнында 1 821 қызметкердің алдында 1,24 млрд теңге берешек бар. Жұмыскерлер алдындағы ең көп берешек Абай облысында тіркелді – 218,7 млн теңге. Жетісу облысында – 22,9 млн теңге, Астана облысында – 19,3 млн теңге, – деді ол.
Ақпарат көзі: orda.kz







