Жаңалықтар
80

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады

«Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді», - делінген ақпаратта.

Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжаттарын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-код арқылы беріле бастаған еді.

2023-2024 оқу жылын 820 703 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты.