Жаңалықтар
Сәбидің денесі табылды
Ақтөбе облысында қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

"23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы "Рождествао – Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды", - делінген ақпаратта.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр",- дейді полиция.






