Жаңалықтар
"Қорқыт ата" тарихи сериалының түсірілімі басталды
Аты аңызға айналған тұлға жайлы телесериалды Қазақстан және Өзбекстанның киномамандары бірлесіп түсіріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К ақпараттық порталы.
Түсірілімнің басталғаны жайлы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.
Бүгін түсірілім алаңына министр Дархан Қыдырәлі барып, жұмыспен танысты. Тарихи туындыны "қазақстан" телерадио кешені мен "Өзбекстан киноматография агенттігі" бірлесіп түсіріп жатыр, – делінген ведомсвоның хабарламасында.
Айта кетейік, тарихи сериал 4 бөлімнен тұрады. Министр телесериалдағы көріністер кезінде Алтай өлкесіндегі түркі академиясының зерттеушілері тапқан V-VI ғасырлардағы қобызды көрсетуді ұсынды.
Ақпарат көзі: exk.kz







