Жаңалықтар
97

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВТЫҢ 23 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды» деп атап өтті.
Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында, елдік мұраттарды ілгерілетуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Мемлекеттік қызметшілерге мораль мен әдеп тұрғысынан жоғары талаптар қойылады. Сондықтан жауапкершілігі мол қызметтеріңізде қоғам мен мемлекет мүддесі жолында адал еңбек етулеріңізге тілектеспін.
Бүгінгі мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Құрметпен, облыс әкімі Н.Нәлібаев.