Жаңалықтар
1 428

Депутаттар Мухоряповты жауапқа тартуды сұрады

 Мәжіліс депутаттары қазақ тіліне қатысты пікір айтқан кәсіпкерді "Ұлтаралық араздықты қоздыру" қылмыстық бабы бойынша жауапқа тартуды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Прокуратураға жүгінген депутаттардың сөзінше, кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың сөзі тәуелсіздікке, ұлттық мүддеге, ел тыныштығына нұқсан келтіреді. Және бұл сөздерді олар "ұлтаралық араздықты қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп есептейді.

 Хат әлеуметтік желіде жарияланды. оған қазірдің өзінде 20 депутат қол қойып үлгерген.

 Еске салсақ, Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген орыстардың арасында тренинг жүргізген. Сондай кездесулердің бірінде кәсіпкер қазақ тілі туралы даулы мәлімдеме жасады. Оның бұл сөздері қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп, наразылығын тудырды. Кейіннен Мухоряпов кешірім сұраған видеосын жариялады. Алайда, желі белсенділері оның жай ғана кешірім сұрап құтылмауын талап етуде.