Жаңалықтар
152
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ИННОПОЛИС ҚАЛАСЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Иннополис университетінде 1000-ға жуық ІТ саласының болашақ мамандары білім алуда. Жоғары оқу орны ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беруге, зерттеулерге маманданған. Заманауи ЖОО-да барлық академиялық бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Ресейдегі 300-дей жетекші IT-компаниямен біріккен 17 зертханасы, 9 даму орталығы бар.
Ресей Федерациясындағы ақпараттық және жоғары инновациялық технологияларды дамыту үшін құрылған қалашықта озық инновациялық шешімдер әзірленеді және коммерцияланады.АЭА-тың негізгі нысаны - технопарк кеңселері мен даму орталықтары бар заманауи, көп функционалды кешен. Мұнда IT компаниялардың дамуына барлық қолайлы жағдай жасалған, жаңа перспективалы жобалар да, ірі ресейлік және халықаралық IT-компаниялар да шоғырланған. АЭА алаңының жалпы аумағы - 311 гектар.
Жалпы жұмыс сапары барысында облыс әкімі серіктестік қатынастарды кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға, ауыл шаруашылығын, сауда-саттық пен инвестицияны, кәсіпкерлік саласын ілгерілетуге жол ашылатынын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев көрсетілген қонақжайлыққа алғысын білдіріп, ынтымақтастық пен екіжақты байланысты кеңейту бағытындағы жұмыс жалғасатынын айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі






