Жаңалықтар
94
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Сыр өңіріне іссапар барысымен келді
Алдымен, Ералы Тоғжанов Жаңақорған ауданына барып, жиһаз жасайтын цехтың жұмысымен танысты. Жеңілдетілген пайызбен несие алған кәсіпкер бүгінде ас үй гарнитурларын, шкафтар мен басқа да жиһаз түрлерін өндіруде.
Премьер-Министрдің кеңесшісі «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 4 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, жылыжай кешенінің жұмыс барысымен танысты. Бұл кәсіпорын бүгінде қызанақ пен қияр егуді қолға алған. Кешен толық тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған.
Сонымен қатар, Шиелі ауданындағы құс өсіруші Құрманбаева Гүлзада ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 27,8 млн теңгеге жеңілдетілген қарыз алған.
Бүгінгі таңда 3 құс үйі орнатылып, онда 4500 дана тауық бар. Сонымен қатар, ауданды тауық етімен тиімді бағада қамтамасыз етіп отыр. Ол «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және нарықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге серпін беретініне сенімді.
Премьер-министрдің кеңесшісі өңірдегі жұмыстарды оң бағалап, жобаны жалғастыруды, үздік тәжірибелерді батыл енгізуді тапсырды.






