Жаңалықтар
53

21 қыркүйектен бүгінге дейін 200 мыңнан астам шетелдік ЖСН алуға өтініш берген

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрсынов 21 қыркүйектен бері 200 мыңнан аса шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін өтініш бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


 Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанда жұмыс істеп, банк шотын ашқысы келетән шетелдіктер ЖСН міндетті.

 "21 қыркүйектен бастап 200 мың өтініш келіп түсті. Мұның барлығы шетелдіктер",- деді ол.

 Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны өткен жылмен салыстырғанда 14 есеге өскен.