Жаңалықтар
Әскерге барғандар университетте тегін оқиды
Қазақстанда әскери борышын өтегендер ҰБТ тапсырмай-ақ университетте тегін оқиды. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев айтты.
"Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы нәтижесінде 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскери борышын өтегендер осы жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінентегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады",- деп жазды Дархан Ахмадиев Facebook-те.
Оның айтуынша, тегін оқуға жіберілетін сарбаздарды іріктеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін әскери қызметшінің рейтингін айқындайтын және университет бөлетін гранттың цифрлық платформаны әзірлеу туралы шешім қабылдаған.
"Платформа жауынгерлік, дене шынықтыру дәне арнайы даярлықты бағалау нәтижелері бойынша әрбір сарбаздың жеке рейтингін айұындайды. Сонымен қатар, рейтингке олардың психологиялық жай-күйі мен жауынгерләк кезекшілігін атқару нәтижесін де кіреді. Барлық дерек қорғаныс министрлігінде жинақталады әрі оны өзгертуге болмайды",- деді вице-министр.
Ақпарат көзі: "Адырна" ақпарат агенттігі







