Жаңалықтар
70

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ КҮНІ 55 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

  Сыр елінде  Ұлттық мереке күні  55 сәби дүниеге келді. Мереке күні өмірге келген балалардың 38-і ұл , 17-сі қыз бала екен. 


 Осыған орай, бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен әкім орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов облыстық перинаталдық орталығына барып, мерекеде туған сәбилер мен аналарды құттықтады. 

 -Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналардың денсаулығы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын, - деді Нұрымбет Аманұлы. 

 Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов  әрбір анаға жаңа туылған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйға тартты. 

Қазіргі таңда  аналар мен сәбилердің денсаулығы бірқалыпты. Айта кетейік, мереке күні босанған сәбилер мен аналарды құттықтау шарасы аудандарда да жалғасуда.