Жаңалықтар
349

Елімізде пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды

 Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.


 "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады", - делінген хабарламада.

 Төменгі орындар төмендегі бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:

№111/112 "Алматы - Маңғыстау";
№51/52 "Алматы - Орал";
№105/106 "Алматы - Петропавл";
№71/72 "Астана - Шымкент";
№29/30 "Алматы - Атырау".