Жаңалықтар
274

Қызылорда облысында 800 бау шөп жанып кетті

 Қызылорда облысында 800 бау жоңышқа шөбі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.


29 қазан күні сағат 16:26-да Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру байланыс бекетіне хабарлама түскен. Онда ауданға қарастты Билібай ауылындағы тұрғын үй маңында шөп өртеніп жатқаны айтылған.

 "Оқиға орнына кезекшіліктегі жеке құрам арнайы техникамен жетті. Онда ашық алаңға жиналған 800 тең жоңышқа және 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің беті сағат 17:07-де қайтарылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.