Жаңалықтар
Қызылорда облысында көшеде соқтығысқан екі көлік отқа оранды
Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жаным кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Оқиға 29 қазан күні сағат 10:40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков пен Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.
"Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Соқтығысу салдарынан "Audi 100" және "Daewoo Nexia" көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авиациялық-құтқару жұмыстары қызметі.







