Жаңалықтар
122

Қызылордада әлеуметтік дүкен өртенді

 Дүкеннің ішіндегі азық-түлік пен жиһаздар түгелдей жанып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

 Оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Өрттің неден шыққаны әзірге анықталмаған. Сондай-ақ, шығын көлемі есептеліп жатыр. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

 "06:20 минутта хабарландыру келіп түсті. Жарты сағат ішінде өрт толық сөндірілді. Жақын орналасқан нысандарды өрттен сақтау шаралары жүргізілді",- дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.