Жаңалықтар
Қызылорда облысында суицид жасайтындар көбейіп барады
Қызылорда облысының жедел жәрдем қызметкерлері аптасына суицид жасаған 6-8 азаматқа көмек береді, деп хабарлайды Экспресс К.
Мұндай сұмдық статистиканы журналист Айнагүл Манабаева әлеуметтік желіде жариялады. Оның мәліметі бойынша, суицидке баратын азаматтардың арасында кәмелетке толмаған балалар да кездеседі. Ал өз өмірін қиюға әрекет жасайтындардың саны жыл сайын артуда.
Мәселен, бір ғана Қызылорда облысының өзінде соңғы 4 жыл ішінде 450-ден аса азамат өз-өзіне қол жұмсаған.
2018 жылы 109 суицид жағдайы тіркелсе, 2019 жылы – 131, 2021 жылы – 211-ге жетіп отыр. Жас шамасы – 18 бен 44 аралығында.
Жедел жәрдем қызметкерлері бұл жағдайды не жоққа шығармады, не растамады. Олардың айтуынша, өңірде шынымен де өз-өзіне қол салған азаматтарға шақырту жиі түседі. Алайда жедел жәрдем станциясының директоры АлматҚұрманғалидің айтуынша, суицид жасаған азаматтар көз жұмған жағдайда ол дерек жедел жәрдем қызметінің есебіне алынбайды.
"Қызылордада суицид жасады деген адамдарға күніне бір шақыртудан келіп тұруы мүмкін. Бірақ ол нақты емес. Ол үшін есептеп көру керек. Мысалы, ол адам қайтыс болып кетсе, бізді шақырмайды ғой", - дейді Алмат Құрманғали







