Жаңалықтар
155

Биыл елімізде 2075 адам жоғалып кеткен

  Қазақстанда биыл 2075 азамат хабар-ошарсыз кеткен. Оның 886-сы әлі табылған жоқ деп хабарлайды, "Хабар-24" телеарнасы. 

 Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жоғалғандардың көбі ер адамдар. Бұл олардың маусымдық жұмыстарға, рейстерге. қызметтік іс-сапарларға жиі шығуымен байланыстырылады.

 Ал әйелдердік із-түссіз кетуіне ішімдік түрткі болыпты.

 Жасөспірімдердің хабарсыз кетуіне қатысты статистика да көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 186 жеткіншек үйінен безген. Олар негізгі себеп ретінде әке-шешесінің ащы суға салынуын, бір-бірімен тіл табыса алмауын және отбасындағы дауларды атаған.


Ақпарат көзі: turkystan.kz