Жаңалықтар
137

Қызылорда тұрғыны өртеніп жатқан пәтер ішінде қалып қойған

Ол құтқарушылар келген кезде баспанасында ес-түссіз жатқан, деп хабарлайды Экспресс К.

 Оқиға түнгі сағат 3:00 шамасында болған. Өрт сөндіру қызметіне қаладағы көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар қызыл жалынға оранған баспанаға барған уақытта онда есінен танған 31 жастағы азамат жатқан. Абырой болғанда, қызметкерлер тұрғынды құтқарып алды.

 Жағдайы ауыр азамат қазір дәрігерлердің бақылауында. Өрт сөндіру қызметінен жалпы 4 арнайы, 1 штабтық техника және 15 қызметкер жұмылдырылды, – дейді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы.