Жаңалықтар
324

Ресейден қашып келген блогер жылқыны союға қарсы шықты

 Ресейдегі жартылай мобилизациядан кейін Қазақстанға келіншегімен көшіп келген Алексей Сибирский жылқыларды қорғамақшы. Ол бұл жануарды жөнсіз союға қарсы.


 Ресейлік мигранттың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде дау тудырды. Орал қаласына көшіп келген эко-блогер үндеуінде былай дейді:

"Жылқыны еті үшін өлтірмекші. Болмашы ақшаға союға жөнелтіп, бауыздайды. Ол үшін заңда рұқсат бар. Сондықтан біз мұны тоқтата алмаймыз. Тек жануарды аман сақтау үшін оны сатып алуға тура келеді. Осылайша аман қалғандарын Ресейге немесе ТМД мемлекеттеріне жібереміз".

 Желідегі жұрт блогердің бұл ісіне түрлі пікір қалдыруда. Бірі "жат елде өз пікірін орнатпай, еліне қайтсын" деп жазса, енді бірі "айдаладан келіп бізге ақыл үйретпекші" деп ашулы.

 Алайда, эко-блогердің жазбасы әлеуметтік желіде кең тарап кеткенімен, өз парақшасынан өшіріп тастаған.