Жаңалықтар
83

Қарағанды шахтасында бес адам қаза болды

 Бүгін сағат 03:03-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Оқиға кезінде шахтада 106 қызметкер болған. Апат салдарынан 5 кенші қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді.


 "Қаза болғандардың отбасыларынан, кеншілеріміздің әріптестерінен кешірім сұраймыз. Қаща болғандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына көмек көрсетіледі",- деді "АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.

 Мемлекет басшысы қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

 "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шекке азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым",- деп жазылған жеделхатта.

 Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнына барып, апатты тексеретін арнайы комиссияны басқарады. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған.