Жаңалықтар
166

"Масс-медиа туралы заң" қолға алынуда

 Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Достық үйінде" облыс тұрғындарымен кездесті.


 "Іс-сапарды Қызылорда облысынан бастауымның себептері көп. Сыр өңірі қазақ елінің бірнеше мәрте астанасы болған ата қоныс. Сондай-ақ, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке десек артық айтпаймыз. Өңірде өмір сүрген Қорқыт атадан бастап, жырау, ақын, сал-серілер шығармалары қазақ әдебиетінде, одан қалды әлем әдебиетінде өзіндік айрықша орын алады. Сондықтан арнайы Сыр еліне амандасып, пікірлесіп, бір жағынан Үкімет мүшесі ретінде салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдау үшін келіп отырмын", – деді Дархан Қыдырәлі.

 Кездесуде министр БАҚ саласында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталып, "Масс-медиа туралы" заңның қолға алынғанын айтты. Ол заңда журналист мәртебесін көтеру, басылымдарды құн салығынан босату секілді бірқатар артықшылықтар көзделгенін айтты.

 Жаңа заңда ақпарат алу, онлайн платформалар туралы да өзгерістер енгізіліп, заң жобасы алдағы Президент сайлауынан соң талқылауға ұсынылмақ.